Талдықорғандағы «Шын жүректен...» шарасы балаларды қуантты
Талдықорғандағы «Айналайын» балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері түрлі сыйлыққа кенеліп, көтеріңкі көңіл күйге бөленді. Іс-шара Жетісу университеті мен орталық арасындағы достық қарым-қатынастың 11 жылдығы аясында өтті. Игі бастама Халықаралық еріктілер жылы аясында ұйымдастырылып, қайырымдылық мәдениетін нығайтуға бағытталған. Шараға жиналғандар балаларға мейірім мен қамқорлық көрсету арқылы әлеуметтік жауапкершілікті арттыру маңызды міндет екенін алға тартты. Сондай-ақ волонтерлік мәдениетті дамыту мен өзара ынтымақтастықты бекемдеу де өзекті бағыт екені атап өтті. Кездесу аясында балалар мен студенттер концерттік бағдарлама ұсынып, жиналғандарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Амангелді Есбай, Сенат депутаты:
Бұл шараның мәні үлкен, жоғары. Бұл тек қана бір университеттің емес, жалпы мемлекеттің саясаты. Биыл халықаралық волонтерлар жылы, білесіздер. Мұның жалпы тәрбиелік, қоғамдағы мәні үлкен, жоғары. Соған біз үлкен мән беруіміз керек. Балаларға рухани қолдау. Балалардың арасында достық қарым-қатынас.
Автор
Нұрдаулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17