Екі мың оқушы түрлі аспаппен «Алтын ұя» күйін орындады
Елорданың екі мыңға жуық оқушысы ашық аспан астында он түрлі аспаппен «Алтын ұя» күйін орындады. Қолдарына домбыра, қобыз, скрипка, вилончель, флейта аспаптарын алып, ерекше үнмен бір мезетте өнер көрсетті.
Айжан Иманғали, тілші:
Екі мың бала, екі мың жүрек. Бір ғана әуен. Дәл қазір елорда төрінде екі мың оқушы ерекше фопматта флешмоб ұйымдастырмақ. Олар бір мезетте Қаршыға Ахмедияровтың «Алтын ұя» күйін орындайды. Қолдарында, міне, домбыра, жетіген, скрипка аспабы. Әр аспаптың үні бөлек, бірақ олар әр аспаптың үнін бір арнаға тоғыстырмақ. Осылайша оқушылар күй орныдап қана қоймай, бірлік пен ынтымақтың үлгісін көрсетпек.
Ділназ Сманова, 10-сынып оқушысы:
Мен прима қобыз аспабында ойнаймын. Бұл жердегі атмосфера өте күшті болып жатыр. Өте-өте күшті, далада қазір ауа райы да жақсы болып тұр осындай мерекеге.
Бұл шара 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында ұйымдастырылып
отыр. Оған орта білім беру ұйымдары оқушыларынан бөлек, музыка, өнер
мектептерінің тәрбиеленушілері де қатысты. Ұйымдастырушылар флешмобқа ешқандай
іріктеусіз, өнерге икемі бар барлық баланы қамтуға тырыстық дейді.
Автор
Айжан Иманғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17