Маңғыстау облысында ерекше демалыс орны ашылды
Маңғыстау облысының Сенек ауылының тұрғыны құмды алқапты тиімді пайдаланып, квадроциклмен серуендеу қызметін қолға алған. Кәсіпті бастауға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілген. Бүгінде отбасылық бизнес өңір тұрғындарының қызығушылығын арттырып, келушілер саны күн санап көбейіп келеді.
Сенек ауылы көшпелі құмымен танымал. Елді мекенді құм басып қалмауы үшін
өсімдіктер егіліп, құм көшкінін тоқтату жұмыстары жүргізіліп жатқаны белгілі.
Ал жергілікті тұрғын Айжан Нысанбаева осы құмды тиімді пайдалануды қолға алған.
Ол ауыл-аймақтарда бұрын-соңды болмаған, құм үстінде квадроциклмен серуендеу
қызметін ұсынды.
Айжан Нысанбаева, кәсіпкер:
Алматы қаласынан көрдік осындай квадроциклді. Жолдасым ауылдағы біздегі құмды пайдаға асырып, осындай кәсіппен неге айналыспасқа деген ой келіп, сол жолдасымның ойын бәріміз қолдап, отбасылық осындай кәсіп бастадық. Жалпы, бұл кәсіп ауылға керек кәсіп, керек екен.
Аягөз Оралбайқызы, тілші:
Ауылдың іргесінде құмда осылай квадроциклмен серуендеу өте керемет сезім екен. Бұл кәсіптің ашылғанына көп бола қойған жоқ, соның өзіңде танымал. Келушілер көп. Көпбалалы ана Айжан Нысанбаева кәсіпті бастау үшін мемлекеттен қайтарымсыз гран алған. Алғашқы квадроциклді де сол қаражатқа сатып алған. Бүгінде жол талғамайтын 6 техникасы бар. Кәсіпті жүргізуге отбасы мүшелері түгел атсалысады.
Ақнұр Мұратбай, ауыл тұрғыны:
Енді бұл сезім деген айтып жеткізе алмаймын. Өте керемет әсерлі сәт. Ауылымызда квадроцикл ашылғанына өте қатты қуаныштымын, бұған енді достарыммен өзім келіп тұрамын.
Жайнагүл Жұбанова, ауыл тұрғыны:
Сенек ауылы жалпы бір жағы тау, бір жағы құм, табиғаты ерекше ауыл. Осы құмды пайдаланып, кәсіпкерлік ашып жатқан ауыл кәсіпкерлеріне рахмет айтамын. Келушілердің саны артқан сайын біз ауылдық жер болғаннан кейін бізде шұбат, құрт-балқаймақ, қол өнер дамыған ауыл, оларға да сұраныстар көбеюде.
Бүгінде Бозжыра шатқалына барған туристердің басым көпшілігі Сенек ауылына
келіп, құмды алқапты қызықтайды. Ақтау мен Жаңаөзен қаласынан келушілер де
көбейіп, квадроциклге сұраныс артқан. Сондықтан ауыл тұрғыны кәсібін дамытып,
демалыс орнын салуды жоспарлайды.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Музей түні – 2026»: 17 мың адам тамашалады
19.05.2026, 13:15
Леонардо да Винчи көрмесі Астана төрінде
19.05.2026, 13:12
IV Халықаралық Қазақстан музей конгресі басталды
19.05.2026, 13:09
Дінде ағза донорлығына рұқсат бар
19.05.2026, 13:06
Аралдың 1 млн гектар қайраңына сексеуіл егілді
19.05.2026, 13:03
Нью-Йорк пен Токиоға тікелей әуе рейсі ашылады
19.05.2026, 13:00
Леонардо да Винчи көрмесі Астана төрінде: 40-тан астам жәдігер әкелінді
19.05.2026, 10:11
«Dosti Skills Kokshetau - 2026» халықаралық чемпионаты өтіп жатыр
19.05.2026, 10:09