Қызға қол көтерген жігіт ұсталды
Алматыда тұрғын үй кешендерінің бірінде қызға қол көтеріп, күш қолданған 26 жастағы жігіт ұсталды. Ол дереу полицияға жеткізілді. Бұл дөрекі әрекет тұрғын үйдегі бейнебақылау камерасына түскен. Алдымен жігіт ашуланып, жеделсатының шақыру түймесін қайта-қайта басып, тепкілейді. Артынша қыздардың бірінің шашынан ұстап, жұлқи бастайды. Кейін жеделсаты ішінде қоқан-лоққы жасап, бойжеткенге қол көтереді. Оқиғаға байланысты Алматы қалалық Полиция департаменті тергеу бастады. Енді жігіт қызға қол көтеріп, дене жарақатын келтіргені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Сондай-ақ бұзақы әрекеті үшін айыппұл төлейді.
Салтанат Әзірбек, қалалық ПД ресми өкілі:
Қылмыстық кодекстің 109-бабы бойынша, қылмыстық іс қозғалды, яғни бойжеткенге дене жарақаттарын келтіру бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Жәбір көрген қыз бала танысы екен. Танысы болса да, мұндай әрекеттерге жол жоқ.
Автор
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17