Семейде келіншектің денесінен 6 келіден асатын ісік алынды
Семейдегі Ядролық медицина және онкология орталығында 47 жастағы әйелдің денесінен салмағы 6 келіден асатын ісік алынды. Бірнеше жыл бойы белгі бермеген дерт науқас пневмонияға шалдыққанда бірақ анықталған. Ауруханаға түскенге дейін жанына батпаған көрінеді. Дәрігерлер бірнеше сағатқа созылған операция өте күрделі болғандығын айтады. Мамандардың мәліметінше, бұл — аналық бездің ісігі. Ол ағзада еш белгісіз дамуы мүмкін. Қазір науқастың жағдайы тұрақты, өміріне ешқандай қауіп жоқ.
Әсем Шалдыбаева, хирург:
Науқаста шамамен 7 литр сұйықтық анықталды. Біз осы көлемдегі сұйықтықты шығардық. Одан кейін пациентке операция алдындағы қажетті тексерулер толық тағайындалды. Ал операция барысында диаметрі 31 сантиметр, салмағы шамамен 6 келі 200 грамм болатын ісікті толықтай алып тастадық. Науқасты тексеру кезінде кездейсоқ анықтамағанда, көлемі тіптен ұлғаюы мүмкін еді.
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03