Алматыдағы түлектер мектеп аумағын көгалдандырды
«Түлектердің ағаш егуі» республикалық эко-челленджіне алматылық оқушылар да өз үлесін қосты. «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы ауқымды бастама қаладағы №217 мектепте өтті. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында ашылған оқу ордасында 1600 шәкірт білім алып жүр. Биыл алғашқы түлектер алтын ұя мектебімен қош айтысады. Олар табиғатқа деген жауапкершілігін көрсетіп, эко-челленджге белсене қатысты. Мектеп аумағына ағаш көшеттерін отырғызып, қоршаған ортаны көркейтуге ат салысты. Оқу орнының ұжымы алдағы уақытта жасыл желекті көбейтіп, «Түлектер аллеясын» кеңейтуді жоспарлап отыр.
Айза Мұхтарқұлова, №217 мектеп директоры:
Бұл акцияның мақсаты – балалар бойына құндылықтарды дарыту, экологиялық мәдениет қалыптастыру, табиғатқа деген жанашырлықты қалыптастыру және осы мектептің көркеюіне әрбір түлек үлес қосу.
Нұртас Базарбай, №217 мектеп оқушысы:
Біз өзіміз алғашқы түлек ретінде отырғызып жатырмыз. Біздің артымыздан өсіп келе жатқан іні-қарындастарымызға үлкен жол болады. Олардың да біздің артымыздан ағаш отырғызып, мектепке пайда әкелуі – біз үшін үлкен құрмет.
Автор
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28