6500 оқушы бейбітшілік нышаны - ақ көгершінді бейнеледі
«Бірлік – бейбітшілік бесігі». Алматыда 6500 оқушының қатысуымен ерекше флешмоб өтті. Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ұйымдастырылған мерекелік шарада шәкірттер бейбітшілік нышаны – ақ көгершінді бейнеледі. Оқушылардың үйлесімді қимыл-қозғалысы, «Ақ көгершін» әнін бірге шырқауы келушілерді таң-тамаша етті. Ерекше форматтағы шара арқылы жас ұрпаққа түрлі ұлттар мен ұлыстар арасындағы татулық пен ынтымақты дәріптеуге тырыстық дейді ұйымдастырушылар. Мерекелік бағдарлама аясында әртүрлі этнос өкілдері өздерінің ұлттық өнерін көрсетіп, Қазақстан халқының мәдени сан алуандығын, тату тірлігін паш етті.
Зулайхо Исмаилова, №56 гимназия оқушысы:
Бұл флешмоб маған үлкен әсер етті. Себебі достарыммен өте жақсы уақыт өткіздім. Менде өте көп досым бар, олардың ұлттары әртүрлі.
Ақнұр Нұрәлиева, Медеу аудандық білім бөлімінің басшысы:
Бұл шараның негізгі мақсаты – барлық оқушының, бүгін елімізде бір шаңырақ астында тұрып жатқан әртүрлі ұлт пен ұлыстың тату-тәтті өмір сүріп жатқанын айқындайтын ерекше күн екенін атап өту.
Автор
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03