Ахмет Жұбановтың туғанына - 120 жыл
Бүгін қазақтың кәсіби музыка өнерінің негізін қалаушылардың бірі, әйгілі композитор, дирижер, академик Ахмет Жұбановтың туғанына 120 жыл толды. Өнер майталманының мерейтойы оның туған жері Ақтөбе облысында кеңінен аталып өтуде.
Мерейтойға орай Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Светлана Айтбаеваның
идеясымен «Ақ көгершін» әніне бейнебаян түсірілді. Туындыда жасанды
интеллекттің көмегімен композитордың бейнесі де көрініс тапты. Сондай-ақ,
Қазақстанның әр өңіріндегі көрікті орындар көрсетілді. Шығарманы еліміздің әр
аймағынан жиналған хор ұжымдары бірлесе орындады. Мәдениет саласы өкілдерінің
айтуынша, бұл бейнебаянды 1-мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ел
тұрғындарына жасалған тарту ретінде қабылдауға болады. Туынды халықтың
көңілінен шықты.
Роман Рахиұлы, еңбек ардагері, Ақтөбе
тұрғыны:
Ахмет ақсақалдың туған күні өзінің туған жері, туған өлкесі – Ақтөбе жерінде кеңінен тойланып жатыр деп есептеймін. Біз кішкентайымыздан айтқан «Ақ көгершін», басқа да әндерін тыңдап өстік. Ахмет Жұбановтың еңбегі, жалпы Жұбановтар әулетінің қазаққа істеген еңбегі еш уақытта ұмытылмайды деп есептеймін.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17