Qostanai tech - ғылым мен инновация алаңы
Технологияның тұрақты дамуы – экологиялық жауапкершілікпен тығыз байланысты! Нобель сыйлығының лауреаты Рае Квон Чунг бүгін Қостанайда өткен ғылыми-инновациялық фестивальде осылай деді. Аграрлы аймақтың индустриядағы цифрлы әлеуетін танытқан ауқымды шарада жасанды жадыға қатысты бірқатар маңызды мәселелер талқыланды. Сондай-ақ тұрғындар үшін ЖИ зертханалар, VR алаңдар мен ғылыми шоулар ұйымдастырылды. Толығырақ Мәдина Нағашыбай тарқатады.
Мәдина Нағашыбай, Тілші:
Жасанды интеллект дәуірі сан салаға серпіліс берген нағыз «реннесанс». Ал адамзат қол жеткізген кез келген жетістік тек қоғам игілігі үшін жұмсалып, адам капиталын дамытуға жұмыс істеуі тиіс. Бұл бүгінгі ғылым мен инновация алаңында бас қосқан сарапшылардың ортақ пікірі.
Ғабит Бекахметов, Сарапшы:
Мына жерде индустрия өте қатты дамыған. Сол индустрияның маңында әртүрлі стараптарды «венчурлы студия» деген жаңа мехнизм бар, сол арқылы дамыту. Аймақтарда сондай инноваторлардың басын қосса, менің ойымша, осы мехнизм өте пайдалы бола алады.
Абай Кәкімбек, жобаның коммерциялық директоры:
Біз қазақстандық өнім өндіруші ретінде білім саласында білім саласында оқушыларды мектеп қабырғасынан инженерлік бағыттарға бағыттауды қолға алдық. Көріп отырған макетіңіз толық қазақстандық өнім, оқушылардың жобасы. Ерекшелік – біз Alem AI ЖИ-ді қолданамыз. Дәл осындай жобалар арқасында оқушылар мектепте өз біліктілігін арттырып, болашата дәл осындай жоба жасап, өңірді дамытады деген сенімдеміз.
Әйгерім Аманжолова, жоба жетекшісі:
Антибуллинг жүйесі баланың мінез-құлқы мен көңіл-күйін бірден анықтап, тез жібереді мәлеметтерді мектеп әкімшілігне және психологқа. Қазіргі кезде пилоттық жоба ретінде Федоров ауданында М.Мәметова мектебінде іске асты.
Автор
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өскемен мен Қостанайда «Таза Қазақстан» акциясы өтті
19.05.2026, 17:35
Сауалнама: Кітап оқисыз ба?
19.05.2026, 17:30
«Мәдениет және инновация» республикалық форумы басталды
19.05.2026, 17:27
ҰБТ: Бірнеше оқушы 140 балл жинады
19.05.2026, 17:25
Тараздағы су арнасына адамдар батып кетіп жатыр
19.05.2026, 17:22
Қарағанды облысында 1 млн 200 мың гектар алқапқа дән септі
19.05.2026, 17:20
Alatau City-де әуе таксиін көрсетті
19.05.2026, 17:17
Қазақстан Бітімгершілік күші Голан жоталарына аттанды
19.05.2026, 17:15