Қазақ тілін жетік меңгерген ақтөбелік Артем Райзих тарих пәнінен сабақ береді
«Елді сүю мемлекеттік тілді білуден басталады». Бұл - ақтөбелік мұғалім Артем Райзихтің пікірі. Ол Темір ауданының Кенқияқ ауылында туып өскен. «Бала күнімнен қазақ балаларымен ойнап өскендіктен, маған тілді меңгеру қиын болған жоқ, дейді өзі. Мектеп бітірген соң ұстаздық жолды таңдаған. Қазір 600-ге жуық бала оқитын Мәртөк ауданындағы мектепте тарих пәнінен сабақ береді. Екі тілде оқытатын білім ордасында қазақ тілін жетік меңгерген маманның беделі жоғары. Әріптестері де оған ерекше құрметпен қарайды. Артем отбасында да қазақы салт-дәстүрлерді ұстанады. «Қазақ елімен тілім де, тілегім де бір, сондықтан елімнің одан әрі өркендеуіне барынша үлес қосуға дайынмын», - дейді ол.
Артем Райзих, тарих пәнінің мұғалімі:
Қазақ тілін үйрену қиын емес. Енді бәрінде менікіндей орта жоқ шығар, маған көмектескен орта ғой. Ауылда өскесін, бәрі қазақша сөйлеген соң мен де қазақша сөйледім. Бірақ кез келген адамның қазақша сөйлеуге мүмкіндігі бар. Оған тек шынайы ниет керек.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өскемен мен Қостанайда «Таза Қазақстан» акциясы өтті
19.05.2026, 17:35
Сауалнама: Кітап оқисыз ба?
19.05.2026, 17:30
«Мәдениет және инновация» республикалық форумы басталды
19.05.2026, 17:27
ҰБТ: Бірнеше оқушы 140 балл жинады
19.05.2026, 17:25
Тараздағы су арнасына адамдар батып кетіп жатыр
19.05.2026, 17:22
Қарағанды облысында 1 млн 200 мың гектар алқапқа дән септі
19.05.2026, 17:20
Alatau City-де әуе таксиін көрсетті
19.05.2026, 17:17
Қазақстан Бітімгершілік күші Голан жоталарына аттанды
19.05.2026, 17:15