Қазақстан мен Ресей СІМ бірлескен іс-шаралар жоспарын қабылдады
Қазақстан мен Ресейдің Сыртқы істер министрліктері 2027-2028 жылдарға арналған, бірлескен іс-шаралар жоспарын қабылдады. Мақсат – сан-саладағы стратегиялық серіктестікке серпін беру. Көрші мемлекеттің сырқы істер министрі бүгін Астанаға ресми сапармен келіп, қазақстандық әріптесі Ермек Көшербаевпен кездесті. Әңгіме барысында арадағы алыс-берісті ілгерілету, мамыр айында өтетін Ресей президенті Владимир Путиннің елімізге сапары және оған дайындық жұмыстары пысықталды. Сондай-ақ екеуара сауда айналымының көлемін ұлғайту жолдары қаралды. Бүгінде бұл көрсеткіш 28 млрд АҚШ долларына жуықтап қалған.
Ермек Көшербаев, ҚР Сыртқы істер министрі:
Ресей біздің ең ірі сауда серіктестеріміздің бірі. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша арадағы сауда айналымы 27 млрд доллардан асты. Мемлекет басшысы алдағы жылдары бұл көрсеткішті 30 млрд долларға жеткізуді тапсырды. Межеге жақындап келеміз. Қазір қос елдің жобаларын біріктіретін пул жасалып жатыр. Бұл екі елдің арасындағы тығыз экономикалық байланыстардың көрінісі.
Ресей Қазақстанға 29 млрд доллар инвестиция құйған. Бүгінде біздің елде
көршіміздің капиталы бар 19 мың компания жұмыс істейді. Қазақстандық
инвесторлар да Ресейдің түрлі салаларына 9 млрд долларға жуық ақша салған. Жалпы
алыс-беріс тиісті деңгейде дамып келеді. Енді арадағы серіктестік жаңа деңгейге
көтеріледі. Атап айтсақ, білім беру саласындағы әріптестік дамып, Ресейде 3
қазақ мектебі ашылады.
Сергей Лавров, РФ Сыртқы істер министрі:
Біз 6 бірлескен мектептің құрылысын бастамақпыз. Нақтырақ айтсақ, Ресейде 3 қазақ мектебі ашылады. Біз жоғары және орта білім беру саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуді құптаймыз. Өздеріңіз білетіндей, өткен жылы Ресейде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филиалы жұмысын бастады. Алғашқы іріктеу өтті. Өз кезегінде Қазақстанда ресейлік жоғары оқу орындарының 8 филиалы жұмыс істейді, оның ішінде Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының филиалы да бар.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өскемен мен Қостанайда «Таза Қазақстан» акциясы өтті
19.05.2026, 17:35
Сауалнама: Кітап оқисыз ба?
19.05.2026, 17:30
«Мәдениет және инновация» республикалық форумы басталды
19.05.2026, 17:27
ҰБТ: Бірнеше оқушы 140 балл жинады
19.05.2026, 17:25
Тараздағы су арнасына адамдар батып кетіп жатыр
19.05.2026, 17:22
Қарағанды облысында 1 млн 200 мың гектар алқапқа дән септі
19.05.2026, 17:20
Alatau City-де әуе таксиін көрсетті
19.05.2026, 17:17
Қазақстан Бітімгершілік күші Голан жоталарына аттанды
19.05.2026, 17:15