Қазақстан ғарышты игерудің жаңа дәуіріне қадам басты
Қазақстан ғарышты игеретін әлемдегі санаулы державалардың қатарына қосылды. «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенінде жаңа «Сұңқар» зымыраны көкке көтеріліп, алғашқы сынақ сәтті өтті. Бұлел тарихындағы айтулы оқиға. Қазақстанның ғылым мен технологиядағы әлеуетін айшықтайтын жетістік. Әділбек Серікұлының материалы.
«Бәйтерек» жылдар бойы отандық
инженерлер мен конструкторлар жабдықтаған соңғы үлгідегі заманауи ғарыштық
инфрақұрылымдық кешен. Күрделі құрылымдық«Союз-5» яғни, «Сұңқар» зымыраны осы
кешеннен көкке көтерілді.Бұл Қазақстанның аэроғарыш саласындағы әлеуетін
айқындайтын стратегиялық маңызы зор жетістік.
Байбек Оралмағамбетов, ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Аэроғарыш
комитетінің төрағасы:
Зымыран қайта жаңғыртудан өткен заманауи Бәйтерек кешенінен ұшырылды. Біз бұл күнді ұзақ күттік.Тыңғылықты зерттеп, зерделеп барлығын сәтті жүзеге асырдық.Барша қазақ елін осы айтулы оқиғамен құттықтаймын. Бұл Қазақстанның ғарыш саласындағы үлкен жетістігі.«Сұңқар»зымыраны арнайы «Бәйтерек» ғарыш кешеніне арнапқұрастырылған.Айта кету керек,ұшыру алаңында қазақстандық мамандар жұмыс істеді. Әуе кемесін жан-жақты сынақтан өткізіп, ғарыш кешенінде40-тан аса техникалық жүйе іске қосылды. Ұшу процесі ешқандай ақаусыз сәтті өтіп,жауапты миссиянықазақ инженерлері мінсіз алып шықты.
Дмитрий Баканов, «Роскосмос»
МК бас директоры:
Бұл айтулы оқиға. «Бәйтерек» ғарыш кешеніндегі әріптестердің еңбегін ерекше атап өткім келеді. Кәсіби біліктілігін көрсетіп, жоғары деңгейде қызмет көрсетті. Осы орайда, Қазақстанды ғарышты игерген әлемдік державалардың қатарына толыққанды қосылуымен құттықтаймын.
Зымыран тасығыш алғашқы сынақта
17 тонна жүкті төмен орбиталды кеңістікке көтерді.Ал ғарыш кемесі экологиялық
таза керосин мен сұйық оттегі отынымен ұшты. Яғни, ол гептил секілді қоршаған
ортаға зиян келтірмейді. Ең бастысыҚазақстанның «Бәйтерек» ғарыш кешені ауыр
зымырандарды ұшыруға дайын екенін әлемге паш етті.Бұлотандық ғарыш саласы үшінжаңа
өндірістік әрі ғылыми мүмкіндіктерге жол ашпақ.
Тоқтар Әубәкіров, ҚР
Халық қаһарманы, Қазақстанның тұңғыш ғарышкері:
Менің арманым еді. Қашан болады деп. Міне, 35 жылдың ішінде осы арманым орындалды. Бізге енді Қазақстанға мынау зымыранды жасап бүкіл халықаралық спутниктерді шығара аламыз. Және өте сондай ауыр спутниктерді шығара аламыз.
Әбділда Төрешбаев, Қорқыт
ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры:
Әрине, бұл біздің мемлекет үшін үлкен жетістік. Біз үшін оның келешегі, болашағы мол. Сондықтан, экологиялық таза отынмен айналысу біз үшін біздің ғылымыз үшін даму үшін бұның рөлі өте жоғары.
Жалпы жер бетінде ғарыш әлеміне жол салған мемлекеттер санаулы. Көкке ұшырған жер серіктері арқылы алпауыт елдер ғылым мен инновацияның көшін бастап, жаһандық бәсекеде ілгері келеді. Енді, міне, Қазақстан да осы стратегиялық бағытта өз орнын айқындап, ғарышты игерудің жаңа дәуіріне нық қадам басып отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы