Президент сыйға тартылған тұлпарлардың күтімін көріп қайтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мамыр мерекесінде, әр жылдары сыйға тартылған тұлпарлардың күтімін көріп қайтты. Оларға өз қолымен жем берді. Президент бір жыл бұрын Ақалтеке тұқымынан туған қылаң боз тайды «Ақжан» деп атаған еді. Оның мойыны ұзын, құлағы тік, көзі тұнық, жүрісі паң. Ақалтеке тұқымына жататын арғымақтардың қатарына бірнеше ай бұрын құла түстес құлын да қосылды. Мемлекет басшысы оған «Ақниет» деп ат қойды. Аттың сынын жақсы білетін мамандар келешекте халықаралық жарыстарда топ жаратын тұлпар болады деп бағалап отыр. Сонымен қатар Президент Іс басқармасының атқорасында жақында Қатар елінен сыйға келген арабы арғымақтар да бар.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17