Тауда адасқандар көбейді
Күн жылына тауға шығатындар көбейді. Алайда қарапайым қауіпсіздік талаптарын елемей, адасып қалатындар бар. Өткен демалыс күндері Алматы маңындағы тауларда кәмелетке толмаған 3 жасөспірім бағытынан жаңылып, төмен түсе алмай қалған. Тағы екі қыз топтан бөлініп, хабарсыз кеткен. Құтқарушылар қолайсыз ауа райы мен күрделі рельефке қарамастан оларды түн ішінде әрең тапты. Мамандар маршрутты алдын ала жоспарлап, жақындарына ескертіп кету керектігін айтады. Сондай-ақ жарық шам, жылы киім және қуатталған телефонсыз тауға шығу үлкен тәуекел екенін ескертеді.
Ербол Оспанов, қалалық ТЖД жедел-құтқару жасағы құтқару бөлімшесінің басшысы:
Жастар тауды көргенде шыңға шыққысы келеді. Шыңға шығу үшін арнайы маршруты болады. Дайындықсыз шығудың қажеті жоқ. Өйткені ережелердің бәрін біліп шықпаса өте қауіпті. Қауіпсіздік шараларын қолданатын инструктор болу керек. Себебі қарапайым адамдар біле бермейді. Ал жауын шашын кезде мүлдем шығуға болмайды тауға.
Ал Шымкентте аптап ыстық ерте түсіп, жұрт су айдындарын жағалап жүр. Қала
аумағында тек 3 жерде шомылуға рұқсат. Бадам су қоймасында мамандар шомылуға
рұқсат етілген аймақтарды белгілеп, су табанын балдыр мен бөгде заттардан
тазартты. Оқыс жағдайлардың алдын алу үшін тыйым салынған жерлерге ескерту
тақтайшаларын орнатты.
Автор
Ернұр Уәлихан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17