«Жетісу» волейбол командасына - 25 жыл
Биыл волейболдан ел чемпионатының 10 дүркін жеңімпазы, Азиядағы азулы командалардың бірі «Жетісу» командасына – 25 жыл. Мерейтой қарсаңында ұжым бірнеше турнирде топ жарып, маусымды сәтті қорытындылады. Ширек ғасырлық тарихы бар ұжымның мерейтойына 1500-ден астам жанкүйер мен спорт ардагерлері жиналды.
25 жыл бұрын құрылған ұжым бүгінде көшбасшы командалардың бірі. Биылғы маусымда
жетісулық волейболшы қыздар 10-шы рет ел чемпионы, Өскеменде өткен жарыста Суперкубок иегері атанды. Ерлер
командасы да жарап тұр. Биыл лиганың үздігі атанып, Қазақстан Суперкубогын иеленді.
Жетісу волейбол командасы Азия чемпионатында екі күміс, үш қола жүлде алған.
Былтыр клуб тұңғыш рет Азия чемпиондар
лигасында топ жарып, Бразилияда өткен
Әлем чемпионатында құрлық намысын қорғады.
Марко Гршич, «Жетісу» волейбол клубының бас бапкері:
Біз жеңімпаз атану жолындағы жұмысты жалғастыра береміз. Жас спортшыларды тәрбиелеп, оларды үздіктер қатарына қосу – басты міндеттердің бірі. Қазіргі құрамымыз өте мықты. Отандық ойыншылармен қатар бірнеше легионеріміз бар. Олардың тәжірибесі мен жас ойыншылардың жігері команданың алдағы жетістіктеріне оң әсер етеді деп сенемін.
Команда жетістігі өңірде волейболдың дамуына серпін берді. Жастар
чемпиондардан үлгі алып, спортқа бет бұруда. Ұжым жетістігі жаңа таланттарға жол ашты.
Талғат Өмірбеков, облыстық волейбол федерациясының
президенті:
Бүгінгі марапат алып жатқан балалар осы өңірден. Осыдан 10 жыл бұрын 5-6 сыныптан бастап спорт интернатқа келіп дайындалған балалар үлкен жетістіктерге жетіп жатыр. Бұл балалардың артынан еріп жүрген жастар одан да асып түсуі үшін үлкен еңбек етеді деп ойлаймын.
Сарапшылардың сөзінше, мұндай
толағай табыс спорттың дамуына тың серпін береді.
Автор
Нұрдаулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28