Түркияда қалың қар жауды
Түркияның бірқатар өңірлерінде қалың қар жауып халықты әбігерге салды. Измир, Болу, Денизли және Адана облыстарында бір күнде 60 сантиметрге дейін қар жауып, бірқатар қалааралық жолдарда көлік қатынасы қиындады. Кей жерлерде бүршік жарған жеміс ағаштары үсіп кеткен. Ал Түркияның оңтүстік шығысындағы Газиантеп және Шанлыурфа өңірлерінде сұрапыл дауыл соғып, үйлердің шатырларын ұшырды. Ағаштар тамырымен қопарылып, бір мешіттің мұнарасы құлаған. Газиантепте үстіне шатыр қирандылары түскен 22 жастағы қыз мерт болды. Дауыл кезінде 29 адам түрлі жарақат алған. Ауа райының қолайсыздығына байланысты өңірдегі мектептерде сабақ төрт күнге тоқтатылды.
Кемал Чебер, Газиантеп губернаторы:
Бас аяғы жарты сағатқа созылған дауылдың күштілігі сондай 100-ге жуық ғимараттың шатыры ұшты. Көптеген егіс алқаптары мен электр желілері зардап шекті. Бірқатар мешіттердің мұнараларына зақым келді. Шатыры ұшқан ғимраттардың арасында 39 мектеп бар. Сондықтан бірнеше күнге сабақтар тоқтатылды.
Автор
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28