Лондонда Астанада өткен Өңірлік экологиялық саммит қорытындылары талқыланды
Лондонда Астанада өткен Өңірлік экологиялық саммит қорытындылары талқыланды. Жиынға Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігінің өкілдері, іскерлік қауымдастық, сарапшылар, журналистер және саммит делегаттары қатысты. Олар Астанада қол жеткен келісімдерді саралап, Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы жасыл экономика, су қауіпсіздігі және тұрақты даму салаларындағы ынтымақтастық жайын сөз етті. Лондон тарапы әсіресе, су ресурстарын тиімді басқару бағытындағы бастаманы қолдайды. Жиынға қатысқандар Астанада Халықаралық су ұйымын құру туралы жаңалыққа ерекше мән беріп отыр.
Руперт Гудман, Британ-Қазақ қоғамының төрағасы:
Ұлыбритания Қазақстанға саммитте көтерілген бірқатар бастама бойынша қолдау білдіруге мүдделі. Атап айтқанда тәжірибе алмасу және жасыл технологияларды енгізу мәселелеріне келгенде бірге жұмыс істеуге дайынбыз.Кристиан Карраретто, ЕҚДБ энергетикалық өтпелі кезең бағытының жетекшісі:
Саммитте QaJET инвестициялық платформасын құру келісілді. Оның аясында 2035 жылға қарай кемінде 10 ГВт жаңартылатын энергия көздері қуатын іске қосу, шамамен 20 млрд доллар инвестиция тарту және жыл сайынғы шығарындыларды 20 млн тоннаға қысқарту жоспарланып отыр.
Автор
Марина Бекенова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03