Экологиялық жауапкершілік Конституциямен бекітілді
Қоршаған ортаны қорғау – бүгінде қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі. Бұл бағытта Конституцияда әр азаматтың табиғатқа ұқыпты қарау міндеті және экологиялық жауапкершілігі нақты айқындалған. Ал 2021 жылы қабылданған Экологиялық кодекс саладағы талаптарды күшейтті. Құжатқа сәйкес, ірі кәсіпорындарға жаңа технология енгізу, автоматтандырылған бақылау жүйелерін орнату және экологиялық ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету міндеттелді. Мұндай бастамалар қоршаған орта қауіпсіздігін күшейтіп, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға негіз болады. Жаңа талаптар олардың орындалуына кепіл болады дейді мамандар.
Елдос Абақанов, Электр энергиясын дамыту және энергия үнемдеу институтының
басқарма төрағасы:
Үш тараптан қарайтын болсақ, бір жақтан мемлекет бақылауды күшейтетін болады деп есептеймін. Екінші жағынан бизнес экологиялық мәселеге дұрыс қарап, дұрыс технологиялар енгізіп, өзінің жауапкершілігін арттыратын болады. Және ең соңғы мәселе азаматтар, қоғам тарапынан бақылау мен қоғам тарапынан талаптар күшеюі мүмкін деген, осындай өзгерістер болады деген ойым бар.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлытауда үш ғарышкер Жезқазған маңына қонды
27.07.2026, 10:12
Франция мен Испанияда 330 мыңнан астам адам эвакуацияланды
27.07.2026, 10:11
Атырауда екі дәрігерлік амбулатория ашылады
27.07.2026, 10:08
Түркияда үйлерді су басты
27.07.2026, 10:05
Дональд Трамп пен Си Цзиньпин кездеседі
27.07.2026, 10:03
Қазақстан мен Татарстан арасындағы тауар айналымы 946 миллион долларға жетті
27.07.2026, 10:02
Қазақстан – Ресей: Логистиканың жаңа кезеңі
27.07.2026, 10:00
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07