Алтын орданың ізі: Бір жәдігер – бір дәуір
Алтын Орда – Еуразия тарихындағы ең ірі мемлекеттердің бірі. XIII–XV ғасырларда ұлан-ғайыр даланы билеген бұл империя тек әскери күшімен емес, мемлекеттік басқару жүйесімен де ерекшеленді. Қазіргі таңда сол дәуірдің айғағы Алматыдағы Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музейі қорында сақтаулы.
Бұл – бірнеше ғасырды артқа тастаған тарихи күміс пен мыстан жасалған теңгелер. Бір қарағанда жай ғана металл заттар сияқты көрінгенімен, бұл – тұтас бір дәуірдің айқын куәсі. Әрбір монета сол кезеңнің сауда қатынастарын және билік құрылымындағы өзгерістерді көрсетеді.
Жасұлан Белтенов, ҚР Орталық мемлекеттік музейінің бөлім жетекшісі:
Бұл монеталардың барлығы өте құнды. Сол кездегі Алтын Орда дәуірінің 18 ханының атауы бар бұл монеталарда. Хандар ауысып отыруына байланысты монеталарда да оның соғылуы, жылы және имитет дейміз ақша шығарушының аты, сарайлары, қай қалада соғылды. Сол сияқты деректер өзгеріп отырды.
Қазір Орталық мемлекеттік музейінде Алтын Орда дәуіріне тиесілі 200-ге жуық жәдігер бар. Олардың әрқайсысы сол заманның экономикалық құрылымы мен мәдени деңгейінен сыр шертеді. Тарихшылардың айтуынша, мұндай деректер Алтын Орданың тек әскери емес, өркениеттік тұрғыдан да қуатты мемлекет болғанын дәлелдейді.
Қанат Өскенбай, тарихшы:
Алтынордалық өркениет, яғни цивилизация ол кезде өте жақсы дамыған. Себебі, империя кезінде Азия мен Еуропа арасында, Таяу Шығыс пен Қытай арасындағы сауда байланыстар орнатылды.
Бір ғана теңге – жай жәдігер емес, ол тұтас бір дәуірдің саяси және мәдени болмысын айқындайтын тарихи айғақ. Осындай құнды мұралар арқылы Алтын Орданың Еуразия кеңістігіндегі ықпалы мен өркениеттік деңгейі бүгінгі ұрпаққа жетіп отыр.
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Музей түні – 2026»: 17 мың адам тамашалады
19.05.2026, 13:15
Леонардо да Винчи көрмесі Астана төрінде
19.05.2026, 13:12
IV Халықаралық Қазақстан музей конгресі басталды
19.05.2026, 13:09
Дінде ағза донорлығына рұқсат бар
19.05.2026, 13:06
Аралдың 1 млн гектар қайраңына сексеуіл егілді
19.05.2026, 13:03
Нью-Йорк пен Токиоға тікелей әуе рейсі ашылады
19.05.2026, 13:00
Леонардо да Винчи көрмесі Астана төрінде: 40-тан астам жәдігер әкелінді
19.05.2026, 10:11
«Dosti Skills Kokshetau - 2026» халықаралық чемпионаты өтіп жатыр
19.05.2026, 10:09