Мүгедектікке қатысты 100-ден астам жалған құжат жасалғаны анықталды
Мүгедектікті тағайындау кезінде медициналық құжаттарды қолдан жасаудың 167 дерегі тіркелді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. Тексеру нәтижесінде, кей дәрігерлердің әртүрлі науқастарға бірдей мазмұндағы құжаттарды көшіріп пайдаланғаны анықталды. Кей жағдайларда тек науқастың аты-жөні мен тексеру күні өзгертіліп, қалған мәліметтер сол күйі қалдырылған. Қазірдің өзінде 73 адамға қатысты қайта тексеру жүргізілді. Күмәнді жағдайлар бойынша төлемдер уақытша тоқтатылып, заңбұзушылық расталса, мүгедектік туралы шешімдер қайта қаралады.
Мирас Ғабдолхайұлы, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі комитет төрағасының орынбасары:
Медициналық құжаттарды қолдан жасау белгілері бар 167 факт анықталды. Олар Түркістан, Алматы, Атырау, Маңғыстау, Жетісу, Қызылорда облыстары, Алматы және Шымкент қалаларында тіркелген. Барлық материалдар тиісті процессуалдық шешімдер қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолданды. Бұл бағыттағы жұмыстар әрі қарай жалғасады.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02
Тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға 2-5% жеңілдетілген ипотека беріледі
15.09.2026, 20:01
Алматыда емхананы ауыстыру талаптары жеңілдетілді
15.09.2026, 19:53
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28