Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-саттыққа серпін беріледі
Былтыр Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-саттық көлемі 28 млрд долларға жуықтаған. Ендігі меже – 30 млрд-қа жеткізу. Өйткені қос мемлекет арасындағы сан саладағы стратегиялық серіктестік қарыштап дамып келеді. Ресей Қазақстанға 29 млрд доллар инвестиция құйған. Бүгінде біздің елде көршіміздің капиталы бар 19 мың компания жұмыс істейді. Қазақстандық инвесторлар да Ресейдің түрлі салаларына 9 млрд долларға жуық ақша салған. Жуырда ғана Қазақстан мен Ресейдің сыртқы істер министрліктері 2027–2028 жылдарға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарын қабылдаған еді.
Жанерке Қайратқызы, саясаттанушы:
Еуразиялық экономикалық одақ аясында және көптеген жоғары деңгейдегі стратегиялық келісімдер аясында Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда айналымын көтеру мақсаты бар. Дегенмен, назар аудара кететін жайт – бұл Ресей мен Қазақстан арасындағы сауда айналымында Қазақстан тарапынан сауда дефициті бар. Өйткені Ресей көбірек тауар экспорттайды, ал Қазақстан көбірек импорттайды. Төлем балансы кері деп айтуға болады. Сондықтан Қазақстан өз тауарын Ресей нарығына шығаруға мүдделі және осы сауда айналымын кеңейту, өсіру арқылы Қазақстан өзінің экспортын ұлғайтуды көздейді.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02
Тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға 2-5% жеңілдетілген ипотека беріледі
15.09.2026, 20:01
Алматыда емхананы ауыстыру талаптары жеңілдетілді
15.09.2026, 19:53
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28