Қ.Сәтбаев дайындаған Ертіс – Қарағанды каналының жобасына балама жоқ
Академик Қаныш Сәтбаев отандық геология ғылымының негізін қалаушы ретінде танылған тұлға.
Әрқашан бірінші болу оның табиғатына тән құбылыс дейді ізбасарлары. Ол қазақтан
шыққан тұңғыш кәсіби инжнер-геолог, тұңғыш ғылым докторы, Қазақ ғылым
академиясының тұңғыш академигі, сол тұңғыш академияны ашқан тұңғыш президенті,
тіпті, еліміздің алғашқы Мемлекеттік сыйлығының тұңғыш лауреаты болған. Сәтбаев елімізде әлі күнге дейін баламасы жоқ
Ертіс-Қарағанды каналының жобасын жасап берді. Бұл ғұлама ғалым еңбегінің бір
парасы ғана. Еліміздің көптеген минералды ресурстары мен тау-кен саласы осы
күнге дейін Қаныш есімімен тікелей байланысты.
Айтмұхамбет Тұрышев, филология ғылымдарының докторы:
Бала кезінде жаңағы асық дорбасын анасының берген, соны тас дорбаға айырбастап алған ғой. Сонда жылтыр тастарды дорбасына жинай берген. Бұл бір қыры ма? Екінші бір қыры мына құдық қазғанда жаңағы Баянауылда сонда ақсақалдарға айтыпты, мына жерде су шықпайды деп. Оған ақсақалдар ренжіген болу керек. Бірақ жігіттерді алып барып осы жерден су шығады десе, тура сол жерден су шыққан.
Серік Елікбай, филология
ғылымдарының кандидаты:
Сәтбаевқа дейінгі ғалымдардың бәрі, Әл-Фарабиден бастап, Шоқан Уәлиханов, Әлихан, Әлімхан, Бақытжан – бұлардың бәрі білім іздеп, шетелге барып, сол жақтан білім алып қайтты. Қаныш Сәтбаев білімнің алатын жерін, академиясын, білім ордасын Қазақстаннан жасаған адам. Демек барды әлсірететін адам бар да, жоқтан бар жасайтын адам бар. Қаныштың феноменінің ерекшелігі сонда, академия, яғни сыртқа барып, шетке барып білім іздеу емес, білімді өз ішінен іздейтін білім ордасын құрушы. Бұл оның бірінші дүниесі.
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте ауаны ластаған 3 кәсіпорынның жұмысын тоқтатты
15.09.2026, 17:22
Алтай қаласында полицейлер баланы өрттен алып шыққан
15.09.2026, 17:20
Баянауыл өртеніп жатыр
15.09.2026, 17:17
Алаяқтар ҚМА атынан жалған ақпарлар таратқан
15.09.2026, 17:15
Созақ ауданында жүзден аса отбасы баспаналы болды
15.09.2026, 17:12
Тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға 2-5% жеңілдетілген ипотека беріледі
15.09.2026, 17:10
Премьер-министр цифрлық теңгенің қолдану аясын кеңейтуді тапсырды
15.09.2026, 17:07
Президент кореялық инвесторларды жаңа өндіріс орындарын ашуға шақырды
15.09.2026, 17:05