Еуропада керосин тапшы
- Еуропаның авиация саласы дағдарысқа тап болды. Ормуз бұғазының жабылуы қарт құрлық елдерінде керосин тапшлығына әкелді. «Авиотынның құны аспандады» деп әуекомпаниялар қазір рейстерді тоқтатып жатыр. Кей компаниялар билет бағасын көтеруде. Тақырыпты толығырақ тілшіміз Нұрсұлу Қасым тарқатады.
- ЕуроОдақтың мұнай өңдеу зауыттары керосиннің 70 пайызын өздері өндіріп, қалған 30 пайызын Таяу Шығыстан импорттап келген. Ормуз бұғазы жабылғалы авиаотын құны екі есеге қымбаттады. Тығырақтан шығудың жолын іздеген Скандинав әуекомпаниясы бірден мың рейсін тоқтатты. «Ұшу тиімсіз» деп Lufthansa да 20 мың бағытты қазан айына дейін жапты. Turkish Airlines пен Нидерландттық Transavia ұшу кестесіне елеулі өзгеріс енгізді.
- Антонио Бускардини «Travel tomorrow» медиа порталының бас директоры:
- Ұлыбритания рейстерді біріктіруге рұқсат етті. Яғни отынды үнемдеу үшін British Airways пен өзге әуе компания бір бағытта ұшатын болса, рейсті бірігіп жүзе асырады. Бағалардың күн сайын өсуі алаңдатарлық жағдай. Жазға қарай баға тіпті көтеріледі. ЕуроОдақтың туризм мен саяхат үшін ең ірі аймақ екенін ескерсек, бұл нарыққа оң әсер етпейтіні анық.
- «Авиаотынның құны аспандады» деп Air France-KLM алысқа ұшатын рейс билетіне 100 еуро қосымша алым енгізді. Өзге тасымалдаушылар да билеттің бағасын қазірдің өзінде 20 пайызға дейін қымбаттатты.
- Нұрсұлу Қасым, тілші:
- «Brussels airlines, Ryanair» компаниялары жаңа ереже бекітті. Бұдан былай салонға кішкентай қол сөмкені немесе рюкзакты ғана алу тегін. Ал, мынадай шағын чемоданға 15 пен 36 еуро аралығында қосымша ақы төлеу қажет.
- Қол жүгінің көлемін шектеу, тарифтің қымбаттауы жолаушылардың жүйкесін жұқартып, қалтасын қақты.
- Элис Клойэ, жолаушы:
- Билет құны қазір өте қымбат. Испанияға бару үшін біз жарты жыл бұрын арзанға алып қойғанбыз. Енді осыдан кейін ешқайда шықпаймыз. Мұндай қымбатшылықты қалтамыз көтермейді.
- Еуропаның туристік ұйымы «мұндай қымбатшылық туризмді тұралатады» дейді. Ал халықаралық әуе тасымалы қауымдастығы керосин мәселесі шешімін таппаса, мамырдың соңында Еуропада қазіргіден де көп рейс тоқтап, әуекомпаниялар мен әуежайлар банкротқа ұшырайды деп дабыл қағуда.
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03