«Қазцинк» кәсіпорнындағы жарылысқа қатысты тергеу аяқталды
Өскемендегі «Қазцинк» кәсіпорнында болған жарылысқа қатысты тергеу аяқталды. Мамандардың мәліметінше, апат қауіпсіздік талаптарының сақталмауынан болған. Күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 156-бабының 4-тармағы бойынша іс қозғалды. Осы бап негізінде айыпталушы 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Оқиға салдарынан 2 адам қаза тауып, 5 қызметкер жарақаттанған. Қазір олардың екеуі ауруханада ем қабылдап жатыр. Біреуінің жағдайы әлі де ауыр деп бағаланып отыр. Зардап шеккен науқасқа көмек көрсету үшін Астанадан Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының мамандары жіберілмек.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17