Оралда әскери-патриоттық шара өтті
Оралдағы 5517 әскери бөлімінде Отан қорғаушы күні мен Жеңістің 81 жылдығына орай әскери-патриоттық шара ұйымдастырылды. ((Ксм:)) Сарбаздар сап құрған жиында көпшілікке жауынгерлік даярлық көріністері ұсынылды. Көрсетілімдік қойылымдар әскерилердің әлеуетін, олардың қалтқысыз қызметін айшықтады. Қызметтік иттердің арнайы бағдарламасы да көптің көңілінен шықты. Ал көрмеде студенттер мен оқушылар, әскери қызметкерлердің қауырт қызметіне куә болды. Күнделікті қолданыстағы қару-жарағын, арнайы техникаларын тамашалап, қыр-сырына қанықты. Салтанатты жиында үздіктер марапатталды.
Руслан Батырбеков, 5517 әскери бөлімі бөлімше бастығының көмекшісі:
Әскери қызметті мен кішкентай кезімнен армандағам. Себебі үйде атам әскери қызметкер болды. Сол кісіге ұқсап, Отанымды, елімді қорғағым келді. Әрбір әскери адамның арманы - генерал болу. Сол бағытта қазіргі таңда жұмыс атқарудамыз.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17