«Әлімбет» шекаралық бақылау-өткізу пунктін жөндеп жатыр
Ақтөбе облысы мен Ресей Федерациясы шекарасындағы «Әлімбет» шекаралық бақылау-өткізу пункті жаңғыртылып жатыр. Жоба құны 16 миллиард 700 миллион теңге. Мұндағы ерекше нысанның бірі – қызметтік иттерге арналған питомник. Осы уақытқа дейін жұмыстың негізгі бөлігі аяқталды. Су құбырын жүргізу жұмысы да бітуге жақын. Сондай-ақ, тереңдетілген бақылау ангарының құрылысы қарқынды жүруде. Одан бөлек, әкімшілік ғимараты, инспекциялық тексеру кешендері салынады. Қажетті металл конструкциялары Ақтөбе қаласындағы зауытта құрастырылады. Жауаптылардың айтуынша, құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін толық аяқталады.
Құрманғазы Исмайлов, «Қазавтожол»
ҰК» АҚ облыстық филиалы директорының орынбасары:
Уақытша өткізу пунктіне орналастырып, қызметін тоқтатпай, әрі қарай жалғастырып жатыр. Бұрынғы осында тұрған ескі ғимараттар толығымен бұзылып, содан бері 151 мың шаршы метр жер жұмыстары осында атқарылды. Жеткізіліп, қапталып, қазір құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте ауаны ластаған 3 кәсіпорынның жұмысын тоқтатты
15.09.2026, 17:22
Алтай қаласында полицейлер баланы өрттен алып шыққан
15.09.2026, 17:20
Баянауыл өртеніп жатыр
15.09.2026, 17:17
Алаяқтар ҚМА атынан жалған ақпарлар таратқан
15.09.2026, 17:15
Созақ ауданында жүзден аса отбасы баспаналы болды
15.09.2026, 17:12
Тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға 2-5% жеңілдетілген ипотека беріледі
15.09.2026, 17:10
Премьер-министр цифрлық теңгенің қолдану аясын кеңейтуді тапсырды
15.09.2026, 17:07
Президент кореялық инвесторларды жаңа өндіріс орындарын ашуға шақырды
15.09.2026, 17:05