Талдықорған тұрғындары Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері Ысқақ Құсайыновқа ерекше құрмет көрсетті
Талдықорған жұртшылығы Жеңіс күні қарсаңында Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері Ысқақ Құсайыновқа ерекше құрмет көрсетті. Биыл қария 102 жасқа толды. Ол – Жетісу өңіріндегі майдан даласында от кешкен көзі тірі жалғыз ардагер. Ысқақ Құсайынов 1942 жылы әскер қатарына шақырылып, Украина майданына аттанған. Атқыштар дивизиясы құрамында зенитші-пулеметші жауға қарсы шайқаста ерлік көрсеткен. Соғыстағы жанқиярлығы үшін ІІ дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен, Еңбек Қызыл Ту орденімен және басқа да 30-ға жуық медаль иеленген. Бейбіт өмірде шаңырақ көтеріп, саналы ғұмырын ұстаздыққа арнаған жан қазір 9 немере, 26 шөбере және 5 шөпшек сүйіп отыр.
Дана Аманғазықызы, немересі:
Атам Жапонның бір ұшағын құлатып түсіреді. Одан кейін де сол жерде талай ерлігін көрсетеді. Бұл кісі қазіргі таңда сол Амур флотында үлкен музей бар. Үлкен музейде бұл кісінің талай ерлігі туралы айтылған. Музейде өзінің портреті мен өмірбаяны мұражайда тұр.
Ринат Мұратжан, ерікті:
Бұл кісілер біз үшін кеудесін оққа тосқан. Көргенде жақсы әсер алдық. Осы кісілерге қарап өсеміз деген ойдамын. Атамызға келіп, өмірбаянымен танысып, қал-жағдайын сұрадық. Сол арқылы ардагерімізге көмек көрсеткіміз келді.
Автор
Нұрдаулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлытауда үш ғарышкер Жезқазған маңына қонды
27.07.2026, 10:12
Франция мен Испанияда 330 мыңнан астам адам эвакуацияланды
27.07.2026, 10:11
Атырауда екі дәрігерлік амбулатория ашылады
27.07.2026, 10:08
Түркияда үйлерді су басты
27.07.2026, 10:05
Дональд Трамп пен Си Цзиньпин кездеседі
27.07.2026, 10:03
Қазақстан мен Татарстан арасындағы тауар айналымы 946 миллион долларға жетті
27.07.2026, 10:02
Қазақстан – Ресей: Логистиканың жаңа кезеңі
27.07.2026, 10:00
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07