Ақмола облысы Родина ауылында жауынгерлік Даңқ музейі ашылды
Ақмола облысының Родина ауылында Даңқ музейі ашылды. Музей жәдігерлерінің басым бөлігі Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңіне тиесілі. Онда шамамен 300-ден астам экспонат қойылған. Оның ішінде майдан даласындағы бронтехникадан бастап, теңіз және әуе кемелеріне дейін бар. Қару-жарақтың да түр-түрі кездеседі. Жалпы, Ақмола облысы соғыс жылдары еліміздің қорғанысына үлкен үлес қосқан. 60-тан астам жауынгер Кеңес Одағының батыры атанған. Мәдени нысан еліміздің Қарулы Күштерінің ұлттық әскери-патриоттық орталығына қарасты әскери-тарихи музейінің филиалы болып табылады.
Арман Әсенов, ҚР Қарулы күштері ұлттық әскери-патриоттық орталығының бастығы:
Осындай әскери-тарихи музейдің ашылуы өскелең ұрпақтың патриоттық тәрбиесі үшін маңызды қадам деп санаймын. Әскери қару-жарақты көзбен көріп, батырларымыздың ерлігін біліп өскен жастардың бойында тарихымызға деген құрмет болады. Бұл да патриотизмнің белгісі. Музей әрі қарай да әскери жәдігерлермен толығып отырады.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17