Соңғы 3 жылда елді мекен ерекше көркейді
Қарағанды облысы Осакаров ауданына қарасты Озерное ауылында ескі мектеп бастан аяқ жөнделді. Онымен қоса ауылға ауыз су тартылып, жол да толығымен жөнделді. 700-ден аса тұрғыны бар елді мекеннің жағдайы соңғы 3-4 жылда күрт өзгерді. Алдымен 6 көшеге алғаш рет асфальт төселді. Таза су жеткізу үшін 58 шақырымнан асатын желі қайта жаңғыртылды.
Татьяна Виниченко, Озерное ауылының тұрғыны:
Бұрын жөнді су келмейтін. Сапасы нашар болды. Жаз бойы бау-бақшамызға су жеткізе алмай қиналатынбыз. Қазір барлығын жаңартып, әр бір үйге су тартылды. Ең бастысы су таза.
2023 жылы ауылдағы Мәдениет үйі толықтай жөнделіп, балалар үшін түрлі үйірмелер жұмыс істей бастады. Елдімекендегі медициналық насынның құрылысы да аяқталып, енді қолданысқа берілмек. Ал биыл ветеринарлық пункт салу жоспарланған. Бәрінен бұрын жұрт ескі мектептің заманауи келбетке ие болғанына қуанышты.
Азат Игенов, Мектеп директоры:
Мектеп ескі болған. Сол үшін ремонт жасалды. Қазір бәрі жақсы. Жаңа кабинеттер бар. Химия, физика, биология, стем кабинеттері бар. Интернеті өте жақсы.
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17