Ардагерлерге жыл бойы әлеуметтік көмек көрсетіледі
Қостанай облысында бүгінде 4 соғыс ардагері мен 3 мыңнан аса тыл ардагері тұрады. Оларға ай сайын тегін дәрі-дәрмек пен ем-дом қабылдап, коммуналдық қызмет ақысын төлеу үшін биыл жергілікті бюджеттен 150 млн теңге қаржы бөлінді. Сондай-ақ мемлекет майдангерлер мен тыл ардагерлеріне жыл сайын шипажайға тегін жолдама береді. Биыл шипажайдағы демалыс үшін 33 млн теңге қаражат қарастырылған.
Қаламқас Ақатаева, облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы:
Биыл 360 ардагер Жамбыл облысындағы жипажайға жолдама алады. Сондай-ақ жергілікті әкімдік шешімімен олар елдегі кез келген демалыс орнына бара алады. Кейін шығынның белгілі бір бөлігін мемлекет өтейді. Сонымен қатар 4 ардагерге жылына бір 5 млн теңге қаражат пен ай сайын 10 АЕК көлемінде әлеуметтік көмек қарастырылған.
Автор
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28