Биыл 24 млн гектар алқапқа егін егіледі
Биыл 24 млн гектар алқапқа егін егіледі. Бұл былтырмен салыстырғанда 180 мың гектарға артық. Тұқым қоры толық, техника сақадай сай.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Жылдан-жылға елімізде егістік алқаптарының көлемі ұлғайып келеді. Мәселен, биыл 23,8 млн гектарға дән себілмек. Қазір республика бойынша көктемгі дала жұмыстары қызу жүріп жатыр. Ресми ақпаратқа сүйенсек, минералды тыңайтқыштар уақытылы жеткізіліп жатыр. Тиісті министрлік техника сақадай сай деп отыр. Ал, жанармайға келсек биыл 400 мың тоннадан астам арзандатылған дизель отыны бөлініпті. Оның литрі диақандарға 281 теңгеден яғни, нарықтағы бағадан 15 пайызға арзан сатылып жатыр. Басты мәселе ол әрине – су. Айта кету керек, елімізде ауыл шаруашылығы дақылдарын құрғақшылықтан сақтандыру көзделген. Биыл сақтандырудың мерзімі ұзартылып, 11 өңірді қамтыды. Бағдарлама аясында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер дәнді және майлы дақылдарды сақтандыру мүмкіндігіне ие.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17