Алматыда қала көшелерін су басты
Алматыда үш күннен бері толассыз жаңбыр жауып тұр. Салдарынан қала көшелерін су басты.
Айдана Қуантхан, тілші:
Алматыда жаңбыр әлі де тоқтаған жоқ. Таңғы уақыттағы кептеліс бүгін тіптен күшейген. Көліктердің қозғалысы баяулап, такси бағасы да екі есеге қымбат. Екі күн бұрын басталған нөсер жауын кеше кешке дейін жалғасты. Мегаполисте бір тәулікте айлық норманың жартысынан көп жауын жауды. Салдарынан қаланың кей көшелерін су басып, аяқ алып жүру қиындады. Қолайсыз ауа райына байланысты коммуналдық қызметтер күшейтілген режимге көшірілген. Әкімдіктің есебінше, қазір қала бойынша кезекшілік ұйымдастырылып, 60-қа жуық арнайы техника, 200-ден аса маман жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар, су басу қаупінің алдын алу үшін құтқарушылар мен төтенше жағдай қызметінің мамандары жұмылдырылған. Қазіргі уақытта да қалада жаңбыр құйып тұр. Синоптиктер жауын-шашын бүгін түске дейін жалғасуы мүмкін деп болжап отыр.
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17