Қарағанды облысында 5 полиция қызметкері «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды
Қарағанды облысы Шахтинск қаласындағы 5 полиция қызметкері Президент Жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған. Естеріңізге сала кетсек, осыдан бір ай бұрын көпқабатты тұрғын үйде газ баллоны жарылып, арты алапат өртке ұласқан еді. Сол кезде оқиға орнына дереу жетіп, тұрғындарды қауіпсіз жерге шығарған полицейлердің өздерін де күйік шалған. Олар қазір қалалық ауруханада емделіп жатыр. Бүгінгі күннің батырларына марапатты табыстау үшін Ішкі істер министрлігінің өкілдері арнайы барды. Олар Мемлекет басшысы мен министрлік атынан тәртіп сақшыларына алғыс айтты.
Нұргелді Құлжабеков, патрульдік полиция взводының инспекторы:
Бұл мен үшін өте үлкен құрмет! Меніңше, Қазақстан Республикасының әрбір полиция қызметкері осындай әрекетке ойланбастан барады деп ойлаймын. Халқымыздың тыныштығы мен қауіпсіздігі біз үшін басты міндет. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28