«Бекіре-2026»: 6 тонна балық тәркіленді
Атырау облысында «Бекіре-2026» акциясы басталғалы инспекторлар табиғатты қорғау заңнамасының бұзылуына қатысты 550-ге тарта істі анықтап, 401 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Браконьерлерге 11,6 млн теңге айыппұл салынып, 6 тоннадан астам балық тәркіленді. Ал Құрманғазы ауданының балықшылары осы кезде көктемгі балық аулау маусымына кірісті. Биыл Қиғаш өзенінен балық аулауға 4230 тонна лимит бөлінген. Күні бүгінге дейін оның 1058 тоннасы ауланып, жылдық жоспардың 25 пайызы орындалған. Табиғат қорғау акциясынан бөлек тазалық науқаны да қарқынды жүріп жатыр. Аудан бойынша барлық су айдындары, соның ішінде Қиғаш, Шарон өзендерінің жағалары қоқыстан тазартылды.
Әділбек Мусин, Құрманғазы балық инспекциясының
инспекторы:
5 тонна 800 кг-дей қоқыс шығарылды. 23 техника қатысып, жалпы 860 адам бұл акцияға жұмылдырылды.
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17