Облыстарға артық су берілмейді
Елде су тапшылығы болады. Сондықтан әр облысқа лимит енгізілді. Рұқсатсыз ешкімге бір тамшы артық су берілмесін. Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр осылай деді. Әсіресе құрғақшылық қаупі бар оңтүстік өңірлерді тіршілік нәрімен тұрақты қамтамасыз ету маңызды. Бұл орайда су үнемдейтін технологияларды белсенді енгізген абзал. Дәлірек айтсақ, диқандарды тамшылатып және жаңбырлатып суару жүйесіне көшуге ынталандыратын кешенді шараларды іске асыру керек. Жиын барысында Шардара су құбырының 1 шілдеге дейін дайын болатыны айтылды.
Олжас Бектенов, Премьер-министр:
Жалпы былай қарасақ, су тапшылығы болады. Қазірдің өзінде көріп отырмыз ғой. Сондықтан әр облыс үшін лимиттерін бекіттік пе, соны қатаң бақылау керек. Министрліктің рұқсатынсыз бір тамшы су берілмеуі тиіс.
Жиында шегірткенің таралуын тежеу, оған қарсы күрес жұмыстары да пысықталды.
Ауыл шаруашылық министрлігіне тұрақты мониторинг жүргізу тапсырылды. Өйткені
көрші мемлекеттерде зиянкестер 1 млн гектардан астам алқапты жайлап үлгерген.
Сондықтан біздің елде де 2,2 млн гектар жерді өңдеу жоспарланып отыр. Қазір
қажетті техника сайланып, мамандар тартылып, препараттар әзірленіп жатыр.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02
Тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға 2-5% жеңілдетілген ипотека беріледі
15.09.2026, 20:01
Алматыда емхананы ауыстыру талаптары жеңілдетілді
15.09.2026, 19:53
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28