Ербол Шаймерденов – қаламы төгілген журналист
Ербол Шаймерденов – ұлт рухын сөзбен өрнектеген, елдік пен ерліктің үні. Ол тек ақын емес, халқының тарихын, тілін, рәмізін қастерлеген тұлға. Алматыда өткен шарада журналист, тұңғыш баспасөз хатшысы, зерттеуші-рәмізтанушы Ербол Шаймерденов туралы замандастары осылай деп еске алды. Жиынға шетелдік доцент-профессорлар арнайы қонақ ретінде шақырылды. Олар ұлттың болмысын биікке көтерген парасат иесі Ербол Шаймерденовтің ел мүддесі жолындағы қызметі мен журналистік шеберлігін дәріптеді. Сонымен қатар шара аясында жаһандық коммуникацияның заманауи үрдістері, қоғаммен байланыс саласының даму бағыттары және тұрақты даму мақсаттарына жетудегі медиа мен ғылымның маңызды рөлі кеңінен талқыланды.
Серікқали Байменше, филология ғылымдарының
докторы, профессор:
Біздің елімізде геральдика ғылымының негізін салушының біреуі Ерекең болған. Оған дейін елтаңба, жалау, болмаса гимн жөнінде тиянақты әңгіме болған емес. Соның бүкіл тарихын зерттеп, үлкен кітаптар шығарды. Бүгінгі конференцияда Ербол Шаймерденовтің әдеби шығармашылық мұрасы, шығармалары, жасаған еңбектері қызу талқыланды. Көп ұсыныс айтылды.
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03