Түркияда селден 12 адам жараланды
Түркияның Самсун аймағына қарасты Хавза қалашығында толассыз жауын жойқын селге себеп болды. Бас аяғы он минутқа созылған жаңбырдан соң қаланы кесіп ағатын екі өзен тасыған. Соның кесірінен көшелерді топан су басып, үйлер мен автокөліктер су астында қалды. Апаттан 12 адам жараланып ауруханаға жатқызылды. Жүздеген ғимарат пен көлік жарамсыз күйге түскен. Қазір апат болған аймақта құтқарушылар мен әскерилер жұмыс істеп жатыр. Көшелер мен ғимарат ішіне жиналған су мен балшық тазаланып, апаттан келген шығын есептелуде.
Орхан Тавлы, Самсун провинциясының губернаторы:
Сел басылды. Адам шығыны жоқ. Тек мал-мүлікке зиян тиген. Қазір тазалық жұмыстары жасалып, апаттан келген шығын мөлшері есептеліп жатыр. Арнайы қызметтер осында таң атқанша жұмыс істейді.
Автор
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28