Әйелдердің саяси белсенділігін арттыратын тренинг басталды
Елордада әйелдердің саясатқа араласуын күшейтуге бағытталған тренинг басталды. Елдің әр өңірінен келген 50-ге жуық қыз-келіншек алдағы сайлау науқанына қатысуға дайындалып жатыр. Олардың қатарында саяси партиялар мен азаматтық сектор өкілдері бар. Тренинг 3 күнге жалғасады. Мұнда қатысушылар сайлауалды стратегия құруды, көпшілік алдында сөйлеуді, дебатқа қатысуды, халықпен коммуникация жүргізуді меңгереді. Халықаралық ұйымдардың мәліметінше, бүгінде әлем парламенттеріндегі әйелдердің үлесі 27,5 пайыз ғана. Ал елімізде Парламент депутаттарының шамамен 18 пайызы, министрлер кабинетінің 16 пайызы қыз-келіншектер.
Ләззат Сүлеймен, ҚР Президенті жанындағы әйелдері ісі және отбасы демографиясы
саясаты жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары:
Әйелдер көп қатысқан саясатқа көп қатысқан жерде, әлемде, қоғамда ұтады. Өйткені, барлық әлеуметтік мәселелер, балаға байланысты, анаға байланысты, қоғамға байланысты, нағыз қазір біз әлеуметтік мемлекетпіз. Осыған байланысты мәселелерді терең білетін әйелдер және олар оны Мәслихатта да, Парламентте де күн тәртібіне сауатты қоюы тиіс.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17