Үржар әуежайы жаңғыртылады
Алакөлге баратын туристер саны төрт есеге артады. Өйткені Абай облысындағы Үржар әуежайы жаңғыртылып, сағатына 140 жолаушы қабылдайтын жаңа терминал салынбақ. Құрылыс жұмыстары мамыр айының соңында басталады. Қазір жобалық сметалық құжаты бекіп, мердігер анықталған. 1974 жылдан бері үздіксіз жұмыс істеп келе жатқан қазіргі әуежай шектеулі ғана әуе рейстерін қабылдайды. Шалғай ауданға қатынау үшін тұрғындардан оған қоса жазда туристерден де сұраныс көп. Бұған дейін әуежайдың ұшу-қону жолағы ұзартылып, түнгі рейстерге арналған жарық жүйесі орнатылған болатын.
Ернат Жұмашев, Үржар аудандық ТҮКШ бөлімінің басшысы:
Құрылыс жұмыстарынан кейін аумағы үлкеймейді, өйткені осы әуежайды қолданыстағы аумағына саламыз. Бүгінгі таңда мердігер анықтап, авторлық және техникалық қадағалау анықталып келісімшартқа отырған болатынбыз. Қазіргі кезде рұқсат беру құжаттары рәсімделіп жатыр. Жақын арада бізде құрылыс жұмыстары басталатын болады.
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28