Жетісу облысына 2 миллиондай турист келеді
Жетісу облысына биыл 2 миллионға жуық турист келеді деп күтілуде. Саяхатшылардың басым бөлігі Алакөл мен Балқаш жағалауына барады.
Мамандардың пірікінше, сондай ақ Жоңғар Алатауы мен Алтын-Емел ұлттық табиғи
паркі бағытындағы экотуризмді дамыту арқылы келушілер санын бірнеше есеге
арттыруға мүмкіндік бар. Былтыр табиғаты көркем аймақтарға 30 мыңнан астам
турист келген. Десе де
байланыс, санитарлық нысандар секілді инфрақұрылымды жетілдіру қажет. Сонымен
қатар туристер үшін қызмет сапасын арттырып, гид, демалыс орындарындағы қызмет
көрсету бағытын дамыта түсу қажет дейді сарапшылар.
Әйгерім Қасымова, туризм саласы бойынша сарапшы:
Инфрақұрылым жоқтығы деп айтамын. Инфрақұрылым жетіспеушілігінің ішінде жол сапасының төмендігі және де көптеген кемпингтер салу, санитарлық тораптар салу, сонымен қатар визит-орталықтар салу кемшіліктері болып тұр.
Ерсін Ибрашев, облыстық туризм
басқармасының басшысы:
Туристік инфрақұрылымды дамыту мақсатында 4 демалыс аймағы жабдықталып, 2 автотұрақ, 2 дәретхана, 2 ақпараттық стенд, 113 ақпараттық тақтайша, 2 кіреберіс аркасы және 7 қоқыс жәшігі орнатылды.
Автор
Нұрдаулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28