Сенат отырысында бірқатар құжат мақұлданды
Мемлекеттік марапаттар қатары жаңа ордендермен толығатын болды. Сенат бүгін тиісті заңға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мақұлдады. Осылайша елде енді Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Ясауи және Мейірім ордендері пайда болады. Жаңа наградаларды енгізу туралы бастаманы бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көтерген еді. Бүгінгі Сенат отырысында бұдан өзге де бірқатар маңызды заң жобалары қаралды.
Оңғар Алпысбайұлы, тілші:
Бүгінгі Сенат отырысының күн тәртібінде 4 заң жобасы болды. Алғашқысы – «Қазақстан халқы кеңесі» Конституциялық заң жобасын қарау жөніндегі Парламент палаталарының бірлескен комиссиясына Сенат депутаттарын сайлау мәселесі.Одан кейін өзің айтып өткен жаңа мемлекеттік ордендерді енгізуге қатысты түзетулер мақұлданды. Сенаторлардың айтуынша, бұл марапаттар ғылым, руханият және қоғамдағы гуманизм құндылықтарын дәріптеуге бағытталған.Үшінші мәселе – Қазақстан мен Қытай арасындағы инвестицияларды өзара көтермелеу және қорғау туралы келісімді ратификациялау жөніндегі заң. Құжат екі ел арасындағы инвестициялық ахуалды жақсартып, бизнеске құқықтық кепілдіктер беруді көздейді.Ал бүгінгі отырыстағы негізгі талқылау еңбек заңнамасын жетілдіруге арналған заң жобасының төңірегінде өрбіді. Бұл құжат бұған дейін Мәжілісте бірнеше мәрте қаралып, жұмыс топтарында қызу талқыланған болатын. Депутаттар әсіресе жұмысшылардың құқықтарын қорғау, еңбек қауіпсіздігін күшейту және жұмыс берушінің жауапкершілігін арттыру мәселелеріне басымдық берген.Заң жобасында өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу тетіктерін күшейту, еңбек шарттарын цифрландыру, қашықтан жұмыс істеу тәртібін нақтылау секілді нормалар бар. Сонымен қатар еңбек инспекторларының құзыреті кеңейтіліп, қызметкерлердің еңбек құқығын бұзғандарға қатысты талаптар қатаңдатылмақ.Сенаторлар құжатты бірінші оқылымда қарап жатыр. Талқылау әлі жалғасады.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлытауда үш ғарышкер Жезқазған маңына қонды
27.07.2026, 10:12
Франция мен Испанияда 330 мыңнан астам адам эвакуацияланды
27.07.2026, 10:11
Атырауда екі дәрігерлік амбулатория ашылады
27.07.2026, 10:08
Түркияда үйлерді су басты
27.07.2026, 10:05
Дональд Трамп пен Си Цзиньпин кездеседі
27.07.2026, 10:03
Қазақстан мен Татарстан арасындағы тауар айналымы 946 миллион долларға жетті
27.07.2026, 10:02
Қазақстан – Ресей: Логистиканың жаңа кезеңі
27.07.2026, 10:00
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07