Қазақстан мен Түркия сауда айналымын $15 млрд-қа жеткізуді көздейді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстан – Түркия Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысын өткізді. Қазір елімізден Анадолы аймағына 34 түрлі тауар экспортталады. Былтыр екі ел арасындағы тауар айналымы 5,4 миллиард доллардан асып, 8,8 пайызға өскен. Режеп Тайип Ердоған қазақ-түрік ынтымақтастығының берік екенін атап өтті. Алдағы уақытта тараптар өзара сауда көлемін 15 миллиард долларға жеткізуге ниетті. Сондай-ақ Президенттер шағын құрамда да келіссөз өткізіп, қазақ-түрік серіктестігінің жаңа бағыттарын талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл сапардың тарихи маңызына тоқталып, қос елдің бауырлас әрі тарихы терең тамырлас екенін айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Сапарыңыздың мән-мағынасы ерекше, өте жоғары деп айтсақ артық болмайды. Себебі бұл – шын мәнінде тарихи оқиға. Бұл сапар елдеріміздің ынтымақтастығына үлкен серпін беретініне ешқандай күмән жоқ. Екі ел арасында тек қана достық, бауырластық, мәңгілік серіктестік қарым-қатынас қалыптасқан. Арамызда ешқандай түйткіл немесе шешілмеген мәселе жоқ.
Режеп Тайип Ердоған, Түркия Республикасының Президенті:
Ең әуелі бауырымыздың атажұртқа арнайы шақырғанына ризашылығымды білдіргім келеді. Бізге айрықша қонақжайлық танытып отырсыздар. Қазақ елінің шекарасынан өткеннен қапталдаса ұшқан ұшақтармен қарсы алып, менің делегацияма үлкен құрмет көрсеттіңіздер. Бұл бізді ерекше қуантты. Әрине мұны ұмытпаймыз. Бүгінгі сапар бауырлас халықтардың ынтымағын арттыруға зор септігін тигізеді деп сенемін.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03