Астанада экологиялық ғылыми зертхана ашылды
Астанада Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агентігінің қолдауымен халықаралық ғылыми-оқу зертханасы ашылды. Салтанатты шараға Түркияның бірінші ханымы Эмине Ердоған келді.
Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде ашылған
«Қалдықтарды басқару» халықаралық ғылыми-оқу зертханасында экологиялық жауапты
бастамалар жүзеге асады. Жоба Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің
қолдауымен жүзеге асты. Мұнда студенттер ғылыми зерттеулерге, жобалық
жұмыстарға және ресурстарды үнемдеу мен «жасыл» технологияларды енгізу бойынша
шешімдер әзірлеуге қатыса алады.
Абдуллах Ерен, Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің төрағасы:
Қазақстандағы алғашқы «Zero Waste» — нөлдік қалдықтар зертханасын аштық. Бұл жоба құрметті Эмине Ердоған ханымның бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Нөлдік қалдық» бастамасы аясында іске асырылды. TİKA ұйымы Қазақстанда жыл сайын 35-тен астам жобаны жүзеге асырып келеді. Білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы, инфрақұрылым және техникалық жабдықтау салаларындағы жобаларымыз әрі қарай да жалғасын табады.
Роза Әбішева, С.Сейфуллин атындағы ҚАЗУ КЕАҚ басқарма мүшесі:
Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті бекер таңдалмаған шығар. Қазір жетекші университеттің бірі. 17 мыңнан аса студенттерді дайындап отырмыз. Дайындау барысында барлығы тәжірибеге бағытталған.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Музей түні – 2026»: 17 мың адам тамашалады
19.05.2026, 13:15
Леонардо да Винчи көрмесі Астана төрінде
19.05.2026, 13:12
IV Халықаралық Қазақстан музей конгресі басталды
19.05.2026, 13:09
Дінде ағза донорлығына рұқсат бар
19.05.2026, 13:06
Аралдың 1 млн гектар қайраңына сексеуіл егілді
19.05.2026, 13:03
Нью-Йорк пен Токиоға тікелей әуе рейсі ашылады
19.05.2026, 13:00
Леонардо да Винчи көрмесі Астана төрінде: 40-тан астам жәдігер әкелінді
19.05.2026, 10:11
«Dosti Skills Kokshetau - 2026» халықаралық чемпионаты өтіп жатыр
19.05.2026, 10:09