Ясауи еңбектері түркі жұртына ортақ мұра
Түркі мемлекеттер ұйымының бейресми саммиті қарсаңында Қожа Ахмет Ясауи ілімі мен мұрасы кеңінен таныстырылды. Түркістанға келген ғалымдар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері бас қосқан жиында ұлы ойшылдың еңбектерін халықаралық деңгейде зерттеу және кеңінен насихаттау мәселелері сөз болды. Түркістанның тарихи-мәдени маңызын ғылыми тұрғыдан пайымдау мәселелері талқыланды. Сондай-ақ тарихшы ғалымдар түркі елдері арасындағы ғылыми және мәдени-гуманитарлық ынтымақты нығайту, ортақ мәдени мұраны сақтау және жаңғырту бағытында тәжірибе алмасты.
Махмуд Эрол Кылыч, Ислам тарихы, өнері және мәдениетін зерттеу орталығының бас директоры, профессор:
Еуропаның ұлы ойшылы Аристотель болса, түркі мемлекеттерінің рухани ұстазы Қожа Ахмет Ясауи деп білеміз. Ал толық адам ілімін қалыптастыруда Ясауидің еңбектері маңызды рөл атқарады. Түркияның өзінде 40 шақты ғалым Ясауи мұрасын зерттеумен айналысады. Бүгінгі басқосуда ғұламаның хикметтері мен қолжазбаларын жаңа қырынан танып жатырмыз.
Қуанычбек Омуралиев, ТМҰ хатшылығының бас хатшысы:
Ұлы ойшыл Қожа Ахмет Ясауидің артында қалдырған рухани мұрасы түркі халықтарын біріктіруде ерекше маңызға ие. Оның адамзат баласын білімге, мәдениетке, парасаттылыққа үндеген шығармалары жас ұрпақты тәрбиелеуде негізгі құрал. Сондықтан Ясауи мұрасын насихаттап, түркі халықтарының арасында кеңінен тарату қажет. Түркістан өтіп жатқан саммит барысында осы мәселелер кеңінен талқыланады.
Автор
Айнұр Әбілқасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Маңғыстау облысында газ өңдеу зауыты мен жаңа әуежай салынуда
15.09.2026, 13:18
Қытайдағы су тасқынынан 42 мың адам эвакуацияланды
15.09.2026, 13:15
Әлемде мұнай қымбаттап барады
15.09.2026, 13:12
Қазақстандықтардың басым бөлігі елдегі ахуалды оң бағалайды
15.09.2026, 13:09
Қазақстан мен Корея арасында инвестициялық ортақ қор құрылуы мүмкін
15.09.2026, 13:06
Мемлекет басшысы Hyundai Motor Group корпорациясының президентін қабылдады
15.09.2026, 13:03
Президент Lotte Group компаниясының басқарма төрағасын қабылдады
15.09.2026, 13:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Басты мақсат - халықтың экологиялық мәдениетін одан әрі арттыру»
15.09.2026, 10:32