Қазақстан Ислам ұйымының Бас ассамблеясына төрағалық етеді
Биыл Қазақстан азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының Бас ассамблеясына төрағалық етеді. Қазір ассамблея құрамында 43 мемлекет бар. Ұйым негізінен ауылдарды дамыту, жаңа технологияларды енгізу бағытында жұмыс істейді. Астанада өткен жиында алда бірлесе атқаратын жұмыс жоспары айқындалды. Атап айтқанда, Мароккода алғашқы өңірлік кеңсе ашу, Азық-түлік қауіпсіздігі және инновациялар жөніндегі білім орталығын іске қосу, сондай-ақ жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі көрмесін құру мәселелері қаралды. Аталған бастамалар ойдағыдай іске асса, еліміздің халықаралық аренадағы рөлі нығая түседі, дейді сарапшылар.
Берік
Арын, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының бас директоры:
Бірнеше тың бастамалар көтерілмек. Біздің төрағалық жылы ауыл шаруашылығындағы әйел көшбасшылар мен жас кәсіпкерлер жылы деп жарияланады. Оның аясында осы ауыл шаруашылығы саласындағы жұмыс істейтін әйелдердің рөлі, дамыту туралы, жастарға қолдау көрсету туралы іс-шаралар қаралады.
Автор
Жанел Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28