Қарағанды облысында ЖЭС құрылысы басталды
Қарағанды облысында қуаты 500 МегаВатты құрайтын жел электр станциясының құрылысы басталды. Жаңа жоба энергияны жинақтау жүйесімен жабдықталған. Алдағы уақытта Осакаров ауданында 900 гектардан астам аумаққа 63 жел қондырғысын орнату көзделген. Соның арқасында жылына 1,8 млрд киловат сағат таза электр энергиясын алуға болады. Бұл Қарағанды секілді энергияны көп тұтынатын ірі өнеркәсіптік өңір үшін өте қажет дейді мамандар. Себебі баламалы энергия өңірге шетелден инвестиция тартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік бермек. Жоба Қазақстан мен Қытай арасындағы Үкіметаралық келісім аясында іске асады. Құрылыс жұмыстары 2029 жылы аяқталады.
Қайрат Мақсұтов, «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы:
Жобаға 600 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылды. Бүгінде елімізде жалпы қуаты 11,4 ГВт болатын 25 ауқымды инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Тек биылдың өзінде біз жалпы қуаты 4,8 ГВт болатын 10 жоба бойынша EPC-келісімшарттарға қол қоюды жоспарлап отырмыз. Жыл басынан бері 6 жоба бойынша мердігерлер құрылыс жұмыстарына кірісті.
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28