Ақмола облысында 5 мың түп ағаш екті
Ақмола облысының Сандықтау ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жыл басынан бері 5 мың түп ағаш отырғызылды.
Осы жолғы «Таза
бейсенбі»
акциясына «Amanat» партиясының облыстық филиалы
қызметкерлері қатысты. Олар ауыл тұрғындарымен бірге орталық стадионда
120 түп қарағай көшеттерін отырғызды. Жасыл желекке оранған ауылды көркейтіп,
таза ұстауға бүгінде әр тұрғын мүдделі.
Ризагүл Асайынова, ерікті:
Бұл акция жастарды тазалыққа тәрбиелеп отыр. Өйткені әр апта сайын қоқыс жинағандықтан, қоқыс тастамайтын болды, менің ойымша. Көрсе, жинайтын болды. Ол жақсы іс-шара деп ойлаймын. Жастарды тәрбиелейтін, жастарды тазалыққа шақыратын шара. Табиғатты таза ұстау - біздің баршамыздың ортақ міндетіміз деп ойлаймын.
Умар Шоназаров, облыстық Мәслихат депутаты:
Бүгін біз республикалық акцияның апта сайын әр елді мекенде өткізу дәстүрге айналғанын көріп отырмыз. Бұл өте қуантады. Соның арқасында тіпті орманда да қоқыс жоқтың қасы екенін байқадым. Жастардың мәдениетін көріп, акция өзінің идеологиялық мақсатына жетті деп санаймын.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03