Ақтөбеліктер құстарға ұя жасады
Құстарға қамқорлық! Ақтөбеде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында ерекше шара өтті.
№8 орта мектептің оқушылары мектеп ауласында ұйымдастырылған құстар көрмесін тамашалады. Мұнда кептерлердің бірнеше түрі мен қырғауылдар әкелінген. Одан кейін ата-аналарымен бірге жасаған ұяларды ағаштарға ілді. Ұстаздардың айтуынша, алдымен қанаттылардың қай жерге көп ұшып келетіні анықталған. Яғни бұл ұялар шынымен де құстарға пана болуы тиіс.
Өмірбай Мұхамбетжанов, Ақтөбе тұрғыны:
Немереммен бірге осы ұяны салдық. Бұл, біріншіден, құстарды, жан-жануарлар әлемін қорғау. Балаға мағынасы бар. Тәрбие береді, сонымен бірге еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа үйретеді баланы.
Мектептегі экологиялық апталық аясында оқушылар айналаны күл-қоқыстан тазартты. Сондай-ақ жер жыртып, көгал егуге дайындық жүргізіп жатыр. Бұған дейін демеушілер мен ата-аналардың қолдауымен мың түп гүл отырғызылған болатын. Аула бес бөлікке бөлініп, оның әрқайсысы әр пән оқытушыларына тапсырылған. Сәйкесінше гүлдің де бірнеше түрі өсіріледі. Оларды күтіп-баптау жұмысымен оқушылар мен ұстаздардың өздері айналысады.
Алтынай Махамбетова, оқушы:
Осы апталықты біз табиғатты қорғауға арнадық десек те болады. Әр сенбі сайын оқушылар, ата-аналар сенбілік өткізеді және осы құстардың ұясын тексеріп кетіп тұрады.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17