Халқының саны 50 адамнан аз ауылды бірден жаппайды
Халық саны 50 адамнан төмен ауылдар бірден қысқармайды. Уақыт беріледі. Бұл аралықта әр елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық жағдайы жеке бағаланады. Бүгін Парламенттің бірлескен отырысында депутаттар Әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы конституциялық заңды бірінші оқылымда мақұлдады. Бұл нормаларды конституциялық заң деңгейінде бекіту аумақтардың тұрақтылығын қамтамасыз етіп, олардың мәртебесін өз бетінше өзгертуге жол бермейді. Енді елді мекендердің шекаралары тек бекітілген бас жоспар негізінде айқындалады. Ал есепке алу мен тіркеу бірыңғай ақпараттық жүйелер арқылы жүргізіледі. Бұл деректердің нақтылығын қамтамасыз етіп қана қоймай, жүйелі әрі сапалы шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.
Әли Бектаев, Сенат депутаты:
Қазір елді мекенді, ауылды 50 адамнан төмен болған кезде жабу үшін оған үш жыл мерзім беріледі. 3 жыл мерзімнің ішінде оған ауыл адамдарының саны көбеймесе, азая түссе, сонда ғана жабылуы мүмкін. Қалалар үшін 5 жылдық мерзім белгіленіп отыр. Яғни бұрынғыдай адамның саны азайды, экономикалық перспективасы жоқ деген негізбен ғана ауылдарды жабу тиісті органдарға мүмкіндік бермейді.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Музей түні – 2026»: 17 мың адам тамашалады
19.05.2026, 13:15
Леонардо да Винчи көрмесі Астана төрінде
19.05.2026, 13:12
IV Халықаралық Қазақстан музей конгресі басталды
19.05.2026, 13:09
Дінде ағза донорлығына рұқсат бар
19.05.2026, 13:06
Аралдың 1 млн гектар қайраңына сексеуіл егілді
19.05.2026, 13:03
Нью-Йорк пен Токиоға тікелей әуе рейсі ашылады
19.05.2026, 13:00
Леонардо да Винчи көрмесі Астана төрінде: 40-тан астам жәдігер әкелінді
19.05.2026, 10:11
«Dosti Skills Kokshetau - 2026» халықаралық чемпионаты өтіп жатыр
19.05.2026, 10:09