Ақтөбеде оқу барысында ЖИ қолданыла бастады
Биыл 1 қыркүйектен бастап еліміздегі 500 мектептің оқу бағдарламасына жасанды интеллект қосымша ретінде енгізіледі. Оған өңірлерде де дайындық жұмыстарын жүріп жатыр. Мәселен, Ақтөбедегі білім ордаларының бірі қазірдің өзінде ерекше жобаларды оқу процесінде қолдануда. Бір ерекшелігі – ерекше жобалардың кейбірін оқушылардың өздері дайындаған.
9-сыныпта оқитын Әлішер Сексенбай бұған дейін мультфильмдер құрастыруды меңгерді.
Фантастикалық фильмдерге арналған графикалық көріністерді дайындауды да
жоспарлап жүр. Ал қазір оқу бағдарламасына қажетті виртуальды зертхана жобасын
әзірлеу үстінде.
Әлішер Сексенбай, оқушы:
Виртуалды зертханаға арнайы бір құрылғылар, бағдарламалар керек емес. Жай ғана осы жасанды интеллект, сонымен қатар компьютер немесе телефон қажет. Әрбір адам үйде отырып немесе жұмыста отырып, оны бес минуттың ішінде істей алады.
Жасанды интеллект бұл мектептегі оқу бағдарламасында қазірдің өзінде жиі
қолданылады. Оқушыларды сергіту жаттығулары жаңа жүйе арқылы жасалады. Бұл
жобаны емтихан қабылдау кезінде де қолдануға болады. Яғни, сынақ тапсырушылар
компьютер пернетақтасын қолданбай-ақ, экранға қарап қолды немесе көзді қозғалту
арқылы дұрыс жауапты таңдай алады. Бұл әдіс мүмкіндігі шектеулі жандар үшін де
аса қажет. Мектепте кибербуллингті анықтауға арналған жоба да сәтті жүзеге асып
жатыр.
Нұргүл Жұмағұлова, Ә.Кекілбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-лицейі
директорының орынбасары:
24/7 бұл жүйе жұмыс істеп тұрады. Яғни ол жасанды интеллектімен интеграцияланған. Бот арқылы бала өзінің көңіл күйін жазып, белгілейді. Соған сәйкес жасанды интеллект белгілі бір уақытта көмек береді. Ақыл-кеңес береді.
Мұғалім өзінің әдістемелік жұмыстарында да жасанды интеллектіні қолданады.
Сондай-ақ бұрынғыдай көрнекілік құралдар әзірлеп, уақыт жоғалтпайды. Осы уақықтқа
дейін мектептегі жүз ұстаздың барлығы дерлік промпт-инжиниринг курстарынан өтіп
үлгерген.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Музей түні – 2026»: 17 мың адам тамашалады
19.05.2026, 13:15
Леонардо да Винчи көрмесі Астана төрінде
19.05.2026, 13:12
IV Халықаралық Қазақстан музей конгресі басталды
19.05.2026, 13:09
Дінде ағза донорлығына рұқсат бар
19.05.2026, 13:06
Аралдың 1 млн гектар қайраңына сексеуіл егілді
19.05.2026, 13:03
Нью-Йорк пен Токиоға тікелей әуе рейсі ашылады
19.05.2026, 13:00
Леонардо да Винчи көрмесі Астана төрінде: 40-тан астам жәдігер әкелінді
19.05.2026, 10:11
«Dosti Skills Kokshetau - 2026» халықаралық чемпионаты өтіп жатыр
19.05.2026, 10:09